Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Өз үйіңді өрттен қорға!

Жыл сайын мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлерімен тұрғын үйде, атап айтқанда: жадынамаларды ұсынуымен тұрғын үйлерге аулалық қарау жүргізу, бұқаралық ақпараттық құралдарында мақалалар жариялау, полиция қызметкерлерімен бірігіп әлеуметтік тәуекел тобының тұрғылықты жерлерде рейдтер өткізу сияқты нақты жұмыстар өткізіледі.
Бірақ, бұрынғыдай өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында болады. Оған себеп, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына байланысты. Қазіргі уақытта жылу жүйесі мен электр жабдықтауларына жөңдеу төменгі деңгейде өткізіледі, сондықтан олар істен шыққан жағдайда адамдар өмір тіршілігі жағдайын қамтамасыз етудің өзге де әдістерін пайдаланады. Кей кезде өмір тіршілігінің қарапайым тұрмыстық жағдайларының болмауы пеш жылытуын, жылыту құралдарын пайдалану ережесін бұзуымен, өртті абайсыз қолдануымен байланысты өрт саны өсуінің (әсіресе қыста) алдыңғы жағдайы болып табылады. Көптеген адамдар жертөлелерде, шағын бөлмелерде, қоймаларда, гараждарда бояуы бар ескі банкаларды, тіпті бензині бар канистрларды сақтайды, ал автокөлік иелерінде аккумулятор батареялары мен автокөліктің дөңгелек қаптары міндетті атрибут болатыны айдан анық. Сондықтан, егер бұл бөлмеге немесе ғимаратқа сөнбеген шылым түссе, ащы түтін мен уландырғыш затты көп шығаратын тұтану, жану, өрт болуы мүмкін. Осындай жағдайда, тұрғын үйлерде өртке қарсы қорғанысты қамтамасыз ету өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Оның ойдағыдай шешімі, өртке қарсы қызмет органдарымен қабылданатын шаралардан басқа, тұтастай облыс тұрғындарына қатысты.
Тұрғын үйлерде өртті болдырмас үшін және жақын адамдардың өмірін, сонымен қатар материалдық құндылықтарды сақтап қалу үшін өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтау қажет, атап айтқанда: жылыту пешін жөнделген күйінде қолдану керек. Пешті салуға немесе жөндеуге білікті шеберлерді шақыру керек. Электр сымдарының дұрыстығын тұрақты бақылап, жарамсыз болып қалған электр сымдарының учаскелерін уақытылы ауыстырып отыру қажет. Зауыттан шығарылған сақтандырғыштарын ғана пайдалану керек, қолдан жасалған сақтандырғыштарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Қатып қалған су құбырының, канализацияның және жылыту жүйесінің мұржаларын ашық отпен жылытуға болмайды, мұны ыстық судың немесе құмның көмегімен ғана жасауға болады. Шатыр мен жертөле ғимаратын жанатын материалдармен немесе қоқыспен толтыруға болмайды. Өз аулатерриториясын тұрақты таза күйінде ұстау қажет.

 В. Анкушева Тереңкөл ауданы
ТЖБ инженері