Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды КҮЗГІ - ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕ АДАМДАРДЫҢ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
КҮЗГІ - ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢДЕ АДАМДАРДЫҢ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Күзгі мұз қарашадан бастап желтоқсанға дейін яғни тұрақты аяздар басталғанға дейін әлсіз болып келеді. Кешкі немесе түнгі суықпен қатайған ол кішкене ауырлықты көтеруге қабілетті, бірақ, жеткілікті қалыңдықты сақтаса да еріген жылы сумен тез еріп, кеуекті және өте әлсіз болады.
Әдетте, су қоймалары біркелкі қатпайды: алдымен жағалау, таяз сулар,желден ық шығанақтарда, содан кейін ортасында қатады. Ағыны мұз қатуды қиындататын өзендерге қарағанда көлдерде, тоғандарда(бірде- бір су арнасы құймайтың су асты бұлақтары жоқ суы терең барлық ағынсыз су айдындарында) мұз ертерек пайда болады. Жұқа мұз өте қауіпті. Аяқпен соғып жұқа мұзды тексеруге болмайды.
Өзін – өзі құтқару:
-үрейге бой бермеңіз, күзгі – қысқы үақытта жұқа мұз үстіне шықпаңыз;
-тырбаңдамай, жұқа мұзга бар денеңізбен күш түсірмеңіз, дененің ауарлығынан мұз сынып кетеді; қолыңызды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырысыңыз;- мұзға шынтақпен таянып денені көлденең күйге келтіріңіз, мұзға жақын аяғыңызды мұз үстіне алдымен салып, содан кейің бар денеңізді бұра отырып екінші аяқты салыңыз да жылдам мұз үстіне домалаңыз; құлаған жерден алысқа қарай кетуге тырысыңыз.
Кұрметті ата- аналар!
Балалардың осы уақытта су қоймалары маңында бақылаусыз ойнағандарын болдырмаңыздар! Оларға жұқа мұздың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіріңіз!


В. Бегинин судан құтқару қызметінің бас құтқарушысы