Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстары
Тұрғын үй секторындағы алдын алу жұмыстары

Өрттердің кез келген жерде пайда болуы мүмкін екендігі баршаға мәлім. Өрттер өндірістік кәсіпорындарда, базарларда, қоймаларда, әкімшілік және өндірістік ғимараттарда, көлікте, ормандарда және ауыл шаруашылығы жерлерінде болады. Алайда, өрттердің көбі (60-85%) бұрынғысынша тұрмыстық өрттер деп аталатын тұрғын секторда болады. Өрттер кезінде қаза болғандар және жарақаттанушылар саны да тұрғын секторда көбірек. Тұрмыстық өрттердің негізгі себептері отқа абайсыз қарау, сөндірілмеген қараусыз қалған оттар, сөндірілмеген күлді қауіпті орындарға шығару, электр сымдарының немесе электр техникалық қондырғылардың ақаулы жағдайы, жылыту пештерінің немесе өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен пештерді жағудың бұзылған жағдайы болып табылады. Көбінесе тұрғындар қандай әрекеттер немесе керісінше әрекетсіздік өртке әкеп соқтыратынын білмейді не болжамайды да.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Качир ауданы елді мекендерінің тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігінің айлығы өткізіледі, оның мақсаты тұрғын секторларда өрттердің алдын алу болып табылады. Айлық барысында профилактикалық жұмыстың негізгі бағыты тұрғындары өрт қауіпсізідігінің шараларына және өрт туындаған кездегі әрекеттерге үйрету болып табылады. Осындай жұмыс көбінесе өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жергілікті атқарушы органдар және полициямен бірге тұрғын секторларында үй-үйді аралау арқылы жүргізіледі. Үй иелеріне үйлерді және жеке қоныстарды өртке қауіпсіз жағдайда ұстау, шөпті дұрыс үю, пештерді және түтін мұржаларын тексеру жөнінде ұсыныстар беріледі, көбінесе өрт көзі болып табылатын жанғыш қоқыстан аумақты тазалауға басты назар бөлінеді. Барлық тұрғындарға тұрғын секторға арналған өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар беріледі. Атқарылып жатқан жұмыстың мақсаты азаматтарға өрттің қауіп төндіретінін түсіну және өзінің тұрғылықты үйіне, өзінің мүлкіне, ең бастысы өзінің және отбасы мүшелерінің өмірлері мен денсаулығының өрт қауіпсіздігіне жауапты қарауы болып табылады.