Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Тереңкөл ауданындағы айлық барысы туралы
Тереңкөл ауданындағы айлық барысы туралы

Өрт қауіпсіздігі айлығының шеңберінде, ауданымызда халық тұрғын секторында өрт қауіпсіздігінің ережелері туралы ақпараттандыру мен ескертуге бағытталған әр түрлі іс – шаралары өткізілуде. Ауданымызда күшейтілген тәртіпте аулалық тексерістер, адамдардың көпшілік келу жерлерінде дәрістер мен нұсқаулықтар өткізіледі. Айлық өткізу кезіңде төтенше жағдайлар жөніндегі Бөлім қызметкерлерімен Тереңкөл а. жолаушыларға қызмет көрсету пунктері бойынша рейд жасалды, сол кезде тұрмыс пен көлікте өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы ақпараттық үндеухаттары мен кітапшалары таратылды, сонымен қатар электрқұралдары мен жылыту жүйелерін пайдалану ережелері бойынша халықтың оқытуы өткізілді, себебі осындай өткізілетін жұмыс өрт қауіпсіздігі облысында адамдардың сауаттылықтарын жүзеге асыратыны рас. Сонымен қатар тұрақты негізінде ЖПҚ бірігіп, әлеуметтік тәуекел топқа кіретін тұлғаларымен, мүгедектерімен, жалғыз басты және қарт адамдарымен, көпбалалы және сәтсіз отбасыларымен түсіндіру жұмыстары өткізіледі.
Бөлім қызметкерлері аудан тұрғындарынан өрт қауіпсіздігінің мүлік пен материалдық құндылықтарды ғана емес, сол сияқты біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесетін, қарапайым талаптарын сақтауға түгелдей талап етеді.

Тереңкөл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С.Калияшев