Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Тереңкөл ауданындағы кешенді оқу-жаттығулар
Тереңкөл ауданындағы кешенді оқу-жаттығулар

DSC_0022DSC_0029DSC_0036DSC_0051DSC_0083IMG_7635IMG_7641IMG_7643IMG_7650IMG_7665IMG_7667IMG_7668

Тереңкөл ауданындағы кешенді оқу-жаттығулар

«2018 жылға арналған Павлодар облысы басқару органдарын, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштерін және тұрғындарын төтенше жағдайлар кезінде дайындау бойынша оқу-жаттығулар және жаттығулар жоспарына» сәйкес 2018 жылғы 19 қазан мен 21 қазан аралығында аралығында Тереңкөл ауданында ауданның басқару органдарымен, күштер және құралдармен, сондай-ақ тұрғындармен «Табиғи және техногендік төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғау күштерінің және тұрғындарының іс-әрекеті» тақырыбы бойынша кешенді оқу-жаттығу өткізілуде.

Оқу-жаттығулар аудан әкімшілігінің мәжіліс залында, облыс және аудан қызметтерінің өкілдерімен және мекеме басшыларымен өткізілген отырыстан басталды. Отырыста Төтенше жағдайлар департменті бастығының орынбасары полковник Самат Талғатұлы Асайынов кіріспе сөз сөйледі, ол басқару органдарының, АҚ штабының және бөлімше командирлерінің күн сайынғы дайындығы төтенше жағдайлар және оқиғаларды жою бойынша шараларды қабылдаудың өз уақытылығы мен жеделдігінің кепілі болып табылады. Сонымен қатар, отырыс барысында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасның бастығы подполковник Д.Алябьев оқу-жаттығудың жедел тапсырмасы мен ойын жеткізді. Отырыс барысында жедел штаббасқару органдарына «Жоғары әзірлік» қызмет ету режимінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау міндеттері қойылды. Сондай-ақ аудандық буын басшы құрамының тағайындалуы бойынша іс-шараларды орындауға әзірліктері туралы баяндамалары тыңдалды. Бұдан әрі табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу және жою бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын анықтау мақсатында, жедел әрекет ету жасағының жиыны жарияланды, сондай-ақ авариялық-құтқару құралдарын қарау жүргізілді, командалар мен құралым мүшелерінің өз функционалдық міндеттерін білуі тексерілді.

Сонымен бірге:

  • «Басқару органдарының, АҚ қызметтерінің өрт-жарылу қаупі бар объекттердегі өрт сөндіру кезіндегі іс-әрекеттері»;
  • «Басқару органдарының және АҚ қызметтерінің ауылшаруашылық жануарлары арасында аса қауіпті індеттер туындағаны кезіндегі іс-әрекеттері»;
  • «Қызметшілер, АҚ қызметтерінің іс-әрекеті, білім беру объекттерінде ауруды айқындаған (немесе қаупі бар) кезде, карантинді немесе аса қаупті індеттерді кіргізген және жайған кезде өзара әрекеттесу» тақырыптарына 3 арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Жоспарға сәйкес оқу-жаттығу жалғасуда.

 

Павлодар облысы ТЖД АҚ басқармасы