Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ӘР АДАМНЫҢ ІСІ
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ӘР АДАМНЫҢ ІСІ

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ӘР АДАМНЫҢ ІСІ

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап – ақ, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің сөз сөйлеулерінде халық  дәулеттілігінің артуына, елді мекендердің дамуына сондай – ақ, сыбайлас жемқорлықты түп – тамырымен жоюға ерекше назар аударады.

Ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» 9 бағытын жемқорлықпен күреске арнады.

Сыбайлас жемқорлық – біздің еліміздегі құбылыс қана емес барлық әлем індеті. Барлығымызға ортақ проблема, халықтың отаншылдығын, еліміздің өнегелілігін, дәулеттілігін жояды. Бүгінгі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықты жою бойынша әр түрлі іс – шаралар өткізіліп, жоспарлар әзірленеді, бірақ осы іс – шараларға қарамастан сыбайлас жемқорлық азаймай отыр. Бірақ, елімізде бұл зұлымдықпен күресуге мемлекеттік органдар ғана емес әр азамат сыбайлас жемқорлықты жоюға өз үлестерін қосулары тиіс.

Жемқорлыққа қарсы іс – әрекет бойынша әзірленген әр жоспарда біздің отанымыз Қазақстанның гүлденуі мәселесі кеңінен қозғалған. Біздің халқымыздың бірлігінің арқасында еліміз кең өріс алуда, барлық бағытта дамып келеді, егеменді мемлекетіміздің экономикасы қарыштауда.

Біздің халқымыздың басты мақсаты қоғамдағы жемқорлықпен күрес болып табылуы тиіс. Осы зұлымдықты жоймасақ халық кедейшішікте өмір сүретін болады, сондықтан біздің әрбіріміз сыбайлас жемқорлықпен өте күшті күресуіміз қажет.

 

 

Качир ауданының

инженері ТЖБ                                                           В.Анкушева