Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Көктем-2020 "РКШОЖ Павлодар облысы аумағында өткізу туралы баспасөз парағы
Көктем-2020 "РКШОЖ Павлодар облысы аумағында өткізу туралы баспасөз парағы

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында "Көктем-2020 "Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығу" өткізу жоспарланған.
Тақырыбы: "2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау".
Өз кезегінде Тереңкөл ауданында оқу-жаттығу шеңберінде қалалар мен аудандарды хабардар ету жүйесін тексеруді көздейтін іс-шаралар өткізілуде. Азаматтарды осы әрекетті оқу дабылы ретінде қабылдауды сұраймыз.
Елді мекендерден қар шығару, авто және темір жолдардағы су өткізу құбырларын тазалау, кент ішіндегі аумақтар бойынша іс-шаралар және соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй мен аула аумақтарын су басу және су шайып кету орын алған жерлерде су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты азаматтарды және ұйымдарды сенбілік шеңберінде азаматтық ұстанымды көрсетуге шақырамыз.
Бұдан басқа, қатты қар еруі және Ертіс өзеніне су жіберу нәтижесінде су басуға ұшыраған елді мекендерде практикалық іс-шаралар мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар болады, ол бөгеттерді, үйінді нығайту, халықты эвакуациялау және уақытша пункттерге орналастыру, тамақпен қамтамасыз ету бойынша инженерлік іс-шараларды қамтиды. Қатты қар еруі салдарынан электр желілері кәсіпорнында және жақын орналасқан тұрғын үйлерде коммуникацияларды су басу салдарын жою бойынша іс-әрекеттер.
Тереңкөл ауданында оқу-жаттығу өткізу кезіндегі іс-әрекеттерді үйлестіруді ұйымдастыру үшін аудандық штаб ұйымдастырылады.
Оқу-жаттығуға қатысады:
1) Жергілікті атқарушы органдардан –, аумақтық қорғаныс және ТЖ басқармасы; облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары; облыстың, қалалардың, аудандардың АҚ қызметтері.

2) ҚР Ішкі істер министрлігінен:
- Тереңкөл ауданының ТЖБ
- Тереңкөл ауданының ПБ

Республикалық командалық - штабтық оқу – жаттығудың басталуы-2020 жылғы 25 ақпанда сағат 9.00 (Нұр-сұлтан уақыты).