Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Мамандық таңдау-жас ұрпақтың өміріндегі маңызды сәт!
Мамандық таңдау-жас ұрпақтың өміріндегі маңызды сәт!

Құрметті ата-аналар! Біз Тереңкөл ауданының ТЖб азаматтық қорғау қызметкерлері Сіздерге бүгінгі таңда Сіздің балаңыздың болашақ мамандығы туралы ойлануға кеңес береміз!
Азаматтық қорғау қызметі қазіргі уақытта ең асыл, жауапты мамандықтардың бірі.
Азаматтық қорғау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін іс-шаралар кешенін білдіреді. Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Азаматтық қорғаудың жоғары білікті мамандарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жоғары оқу орнында даярлайды. Оқу мемлекет есебінен жүргізіледі, оқуды аяқтағаннан кейін міндетті түрде жұмысқа орналастырылады және офицерлік атақ беріледі.
Аталған институт жоғары моральдық және іскерлік қасиеттері бар, төтенше жағдайларда міндеттерді шеше алатын білікті офицерлерді дайындайды.
Қосымша ақпаратты Сіз Павлодар облысы ТЖД сайтынан pavlodar.emer.qov.kz немесе тел.8 (718-33)21877 арқылы ала аласыз

Тереңкөл ауданының ТЖБ