Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды ЕГ ІН ЖИНАУ ЖЭНЕ IPI ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУ КЕ3ІНДЕ ӨРТ КАУІПСІ3ДІПНІН ШАРАЛАРЫН САКТАУ ТУРАЛЫ
ЕГ ІН ЖИНАУ ЖЭНЕ IPI ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУ КЕ3ІНДЕ ӨРТ КАУІПСІ3ДІПНІН ШАРАЛАРЫН САКТАУ ТУРАЛЫ

Ауыл шауашылык жерлерінде егін жинау және шөп шабу басталуына байланысты, өpттi болдырмау мақсатында:
• егін жинау басталмас бұрын, оған тартылған барлык тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықты өту қажет;
• егін жинау агрегаттары мен автомобильдері алғашқы өрт сөндіру кұралдарымен, жарамды ұшқын сөндіргіштері және күрекпен жабдықталуы қажет;
• егін пicep алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темір жолдарға iргелес жерлерінде ені кемінде 4 метр жолақтар шабылуы және жыртылуы қажет.
• егін жинауды астық алқаптарын алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет;
• уақытша егін қостарын осімдіктен тазартылған алаңшаларда және астьқ алқаптарынан ара қашыктығы 100 метрге алшақ жерге орналастыру қажет. Дала қостары, астьқ кырманы алаңшалардың еңі кемінде 4 метрге жыртылады.
Дала жағдайларда сақтау және мұнай онімдерін толтыру курап қалған шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған және ені кемінде 4 метр жолақ жыртылған немесе қырманнан, мая шөп пен сабандардан, кұрылыстардан кемінде 50 метр ара қашықтықта жыртылған жерде арнайы бөленген аудандарда жузеге асырылады. Тәуіліктің тунгі уақытында мұнай онімдерін толтыруға тыйым салынады.
Қозғалтқыштардың радиаторлары, сабан толтырғыштардың, транспортерлер мен жинағыштардың біліктері, бұрандалы біліктер мен басқа да тораптар және жинау машиналарыньң болшектері шаңңан, сабаннан және дәндерден өз уақытында тазартылуы қажет.
Ipi жем-шептердің сақталуын қамтамасыз ету ушін:
• жеңіл қол жетімділікті жібермей, оларды қоршалған, күзетілетін аумақта орналастыру қажет;
• адамдар және көлік өтетін жерлерден қауіпсіз ара қашықтықты орналастыру қажет;
• электр берудің ауа желілерінен қауіпсіз ара қашықтықты қамтамасыз ету;
• тұрғын құрылыстарға жақын орналасқан мал қораларының төбелерінде шөпті жиып қоюды жібермеу қажет;
• мүмкіндігінше шөпті жанбайтын материалмен жауып қою қажет;
• шөпті көлікпен тасымалдау кезінде оны жайғастыру 4,5 метрден аспау қажет;
• өртті сөндіру үшін су және барынша су құбыры немесе суару шлангасы маяның периметрі бойынша жестуін есепке алумен қол жетімді жерде өрт сөндіру құралдары болу қажет;
• мая мен құрылыстардың арасындағы ара қашықтық – 50 метрден кем емес;
• жолға дейінгі ара қашықтық - 20 метрден кем емес;
• электр беру желілеріне дейінгі ара қашықтық-15 метрден кем емес;
• жеке орналасқан маялардьң арасындағы ара қашықтық- 20 метрден кем емес болуы қажет.

Тереңкөл ауданының төтінше жағдайлар бөлімі