Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы Павлодар облысы тұрғындары ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 6 мыңнан астам дайын құжатын алған
Павлодар облысы тұрғындары ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 6 мыңнан астам дайын құжатын алған

ind4ex

 

Павлодар облысы тұрғындары карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 6 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.
Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.
Дайын құжаттарды көбіне Түркістан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.
Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт.
Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн жуық қызметті онлайн түрде алған.
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz