Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Халыққа қызмет көрсету орталығы Павлодар облысында карантин кезінде баланың туылуына байланысты 240-тан астам жәрдемақы рәсімделді
Павлодар облысында карантин кезінде баланың туылуына байланысты 240-тан астам жәрдемақы рәсімделді

 

photo5253763709577309663

 

photo5253763709577309664

 

 

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы бері Павлодар облысында 234 әйел жүктілік және босануына байланысты табысынан айырылу төлемін, 8 отбасы баланың туылуына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетілген қызметтер, оның ішінде жүктілікке байланысты жәрдемақы бойынша өтініштерді порталдағы «Электронды өтініштер» сервисі арқылы қабылдау мүмкіндігін жасады.
Декрет демалысына шыққан жүкті әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, жеке құжаты мен жұмыс істеу қабілетінен айырылу парағының скан көшірмесін және төлем аударылуы тиіс банк шотын қоса жолдауы тиіс.
"Алтын алқа" алқасымен марапатталған көп балалы ана Бибігүл Баильдинова қазір жүктіліктің соңғы айларында. Карантин кезіне түскен жүктілікке байланысты жәрдемақыны рәсімдеуге Павлодар қаласының тұрғыны 1414 колл-орталығына жүгінеді, ХҚО қызметкерлері оған онлайн өтінішті қалай беруге болатынын айтып, көмектеседі. "Біз egov.kz порталы арқылы әрдайым керекті анықтаманы алып отырамыз, осы жолы карантинге байланысты құжаттарды ХҚО арқылы емес, онлайн тапсырдым. Бұл әдіс әлдеқайда ыңғайлы, өйткені мен үйден шықпай-ақ жүктілікке байланысты жәрдемақыны рәсімдедім. ХҚО қызметкерлеріне телефон арқылы толық ақпарат беріп, көмек бергендеріне алғысымды білдіремін" - дейді Бибігүл.
Енді ғана балалы болған отбасылар үшін egov.kz порталының «Отбасы» – «Бала» бөлімінде баланың туылуына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды рәсімдеу мүмкіндігі бар. Павлодарлық Данагүл Сайлаубекова тұңғышының туулуына жәрдемақыны онлайн рәсімдеген.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Павлодар облысы бойынша филиалы барлық аналарды құттықтап, дендеріне саулық тілейді.
Айта кетейік, порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады.
Сондай-ақ Мобильді азаматтар базасында тіркеуі бар жас аналар проактив қызметін пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тіркеп, тиісті жәрдемақыны рәсімдеп, сәбиді балабақша кезегіне қоюға болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК
Павлодар облысы бойынша
баспасөз қызметі