Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Құрметті кәсіпкерлер!

А.ж. қазан айының басында Павлодар қ. сауда кәсіпорындарының «Сауда үздігі-2019» Республикалық конкурсы өтеді.
Конкурстың нақты күгі қосымша хабарланады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер екі кезеңде қабылданады. Біріншісі – облыстық деңгейде, екіншісі – республикалық.
Облыстық деңгейде өтінімдерді қабылдау 12 тамыздан басталады және 2019 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Конкурстың басты шарттары:
1) Кәсіпорынның қызметі туралы бейнероликтің болуы (хронометраж 5 минуттан артық емес, дыбыстың бейнеге сәйкес болуы тиіс, роликтің форматы: алдымен басшы туралы кадрлар, содан кейін ұжым туралы кадрлар, содан кейін барлық нормаларға сәйкес болуы (өрт гидранттары, бірыңғай әмбебап форманың болуы және т. б.);
Бейнеролик флеш-жинақтағышта (қайтарымсыз) ұсынылуы тиіс.
2) Қағаз тасығыштағы кез келген үлгідегі фотосуреттер альбомының болуы;
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- үздік бөлшек сауда кәсіпорны;
- үздік көтерме кәсіпорын;
- үздік сауда нарығы;
- үздік сауда-ойын-сауық орталығы, кешен, сауда үйі;
- үздік жол бойындағы сервис;
- үздік демалыс аймағы;
- шағын форматтағы үздік дүкендер;
- жылдың үздік басшысы.
Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияның мекенжайына: қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімді жіберу қажет.
Конкурстың облыстық кезеңінің үйлестірушілері:
1) Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда саясаты бөлімі, мекенжайы: Павлодар қ., Астана көш., 61, 1-қабат, 104-кабинет, байланыс телефондары: 8 (7182) 787816, 787817, e-mail: kuanova.dzhamilya@pavlodar.gov.kz. Байланыс орнататын тұлға – басқарманың сауда саясаты бөлімінің бас маманы Қуанова Джамиля Әмірқызы.
2) Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімі, мекенжайы: Луговая көш. 16, 3-қабат, 319-каб., байланыс телефондары: 8 (7182) 660311 (5553), e-mail a.iskakova@atameken.kz. Байланыс орнататын тұлға – Палатаның жобаларды қолдау бөлімінің маманы Искакова Айман.
Конкурс туралы ереже және қатысуға арналған өтінім қоса беріледі.
Қосымша 3 парақта.