Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам Сайлау БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ!
БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.
Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгiзу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгiнің болмайтыны белгiлi болса, ол өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгiзу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқылы.
Азамат осы тармаққа сәйкес өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзудi ұйымдастырады.
Өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, 22517, 22324 телефоны арқылы сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеріп алыңыз.


Тереңкөл ауданының әкімдігі