Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам Сайлау Шығып қалғанның орнына Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша кандидаттарды ұсыну, тіркеу мерзімдерін ұзарту, даталарын өзгерту туралы ҚАУЛЫ
Шығып қалғанның орнына Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша кандидаттарды ұсыну, тіркеу мерзімдерін ұзарту, даталарын өзгерту туралы ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 36-1-бабына 3 – тармағына сәйкес Тереңкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің кандидатын тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға байланысты кандидаттарды ұсыну және тіркеу мерзімі он күнге ұзартылсын.
2. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі шығып қалған әкімінің орына сайлау 2019 жылғы 08 сәуірге белгіленсін.
3. 2019 жылғы 08 сәуірге белгіленген Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылдық округі шығып қалған әкімінің орнына сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың уақыт бойынша өзгертілген Күнтізбелік жоспары (қоса беріледі) бекітілсін.
4. Осы қаулы Заңымен белгіленген ережелерге сәйкес сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін Тереңкөл ауданы әкіміне, Тереңкөл ауданы мәслихатының хатшысына жолдансын.


Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

Е. Мартыненко

Тереңкөл аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы

А. Әріпбаева