Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Қоғам Сайлау 2019 жылғы 12 желтоқсанға белгіленген Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
2019 жылғы 12 желтоқсанға белгіленген Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

1. Тереңкөл ауданы Калиновка ауылдық округінің тұрғындарына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау өткізу күні туралы мәліметті хабарлау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2019 жылғы 14 қараша

 (36-1 б. 3 т.)**

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

2019 жылғы 14 қараша

(13 б. 4 т.)*

3. Тереңкөл ауданы әкімінің ұсынымын және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында әкімге үміткердің сайлауға түсуге келісімі туралы үміткердің өтінішін аумақтық сайлау комиссиясына беру жолымен альтернативті негізде әкімге үміткерлерді ұсыну.

 

Аудан әкімі.

Сайлау өткізу күніне дейін 30 күн қалғанда -                                                                       2019 жылғы 12 қарашаға басталады және сайлау күніне дейін 25 күн қалғанда – 2019 жылғы 17 қарашаға аяқталады.

                                                      (36 б. 1 т., 36-1 б. 3 т.)**

4. Сайлаушылардың тізімін құру және оны дауыс беру пунктінде орналастыру.

 

Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысын ұсыну бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы. 

Дауыс беру күніне дейін 7 күн қалғанда – 2019 жылғы 4 желтоқсан.

                                           (36-1 б. 10 т.)**

5. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 3-тармағымен және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының оған қойылатын талаптармен әкімге үміткердің сәйкестігін орнату, сәйкес хаттама толтыру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үш күн ішінде.

                                                                    (36-1 б. 3 т.)**

6. 2019 жылғы 1 қарашаға тұрғылықты жері бойынша салық органдарына кірістер мен мүлік туралы декларация ұсыну.

 

Үміткер және оның жұбайы.

Үміткерді тіркегенге дейін.

  (36-1 б. 3 т.)**

7. Үміткермен және оның жұбайымен декларацияланған кірістер мен мүлкі туралы декларацияның нақтылығын тексеру.

 

Салық қызметінің органдары.

Үміткер және оның жұбайының декларациясын алған күннен бастап 7 күн ішінде.

                                                                       (36-1 б. 3 т.)**

8.  Үміткерлерді тіркеу және тиісті куәлік беру. 

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және дауыс беру күніне дейін 15 күн қалғанда – 2019 жылғы 26 қарашаға аяқталады.

    (36-1 б. 4 т., 36-1 б. 5 т. 2) тармақшасы, 36-1 б. 6 т.)**

9. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе басқа әдістермен үміткерлердің тіркелуі туралы хабарлау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үміткерлерді тіркегеннен кейін 7 күннен кешіктірмей

                                           (36-1 б. 5 т. 1) тармақшасы)**

10. Үміткерлердің сенімді өкілдерін тіркеу және тиісті куәліктерін беру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сенімді өкілдер тізімін тіркеуге берген кезеңнен бастап.

(36-1 б. 7 т.)**

11. Келісім шарт негізінде үміткерлердің сайлаушылармен кездесу үшін бөлме ұсыну. Бөлінген бөлмеде үміткерлердің сайлаушылармен кездесу кестесін құру және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергілікті атқарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауалды үгіттеу жүргізу кезеңінде.

 (36-1 б. 7 т. 1) тармақшасы)**

(28 б. 4 т.)*

12. Сайлау алды үгіттеу жүргізу.

 

Әкімге үміткерлер мен оның сенімді өкілдері.

Үміткерлерді тіркеуді аяқтау күнінен басталады және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады – 2019 жылғы 27 қарашадан 11 желтоқсанға дейін.

                                    (36-1 б. 7 т.)**

(27 б. 2 т.)*

13. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясында сайлау қорларын тіркеу.

 

Әкімге үміткерлермен олардың сенімді өкілдері.

Үміткердің аудандық аумақтық сайлау комиссиясына өтініш берген кезден бір күнтізбелік күн ішінде.

 (36-1 б. 9 т.)**

14. Сайлау қорларының арнайы уақытша есептерін ашу.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Үміткерді тіркегеннен кейін.

 (36-1 б. 9 т.)**

15. Дауыс беру үшін пункт ашу, тиісті хаттама толтыру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау басталғанға дейін бір сағатта – 2019 жылғы 12 желтоқсан.

 (36-1 б. 10 т.)**

 16. Әкім сайлауын өткізу. Дауыстарды санау және әкімнің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелерін жариялау, әкім сайлауы нәтижелері туралы хаттама толтыру.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Бір күн ішінде – 2019 жылғы 12 желтоқсан.

(36-1 б. 10 т.)**

17. Сайланған әкімді тіркеу. Жоғары тұрған әкімге және тиісті мәслихатқа шешімді ұсыну.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлауды өткізу күнінен бастап бес күндік мерзімде – 2019 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей.

                                                                     (36-1 б. 11 т.)**

18. Аумақтық сайлау комиссиясына үміткердің сайлау қорынан пайдаланған қаражат туралы есеп ұсыну.

 

Әкімге үміткерлер.

Сайлау қорытындыларын орнатқаннан кейін 5 күннен кешіктірмей – 2019 жылғы 16 желтоқсаннан кешіктірмей.

                                                                  (36-1 б. 9 т.)**

19. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары мен ауылдық округтің сайланған әкімін тіркеу туралы хабарлама жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізу күнінен бастап 7 күннен кешіктірмей - 2019 жылғы 18 желтоқсаннан кешіктірмей.

(36-1 б. 11 т.)**

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде нормаларға сілтемелер берілген:

* - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы;

** - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы.