Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Экономика Ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы
Ауданда «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы

2018 жылға республикалық бюджеттен 50 маман үшін 180375,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредит қарастырылған.
Мамандардың өтініштері негізінде комиссия шешімі бойынша 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы 108654,0 мың теңге сомасында 32 бюджеттік кредит берілді, оның ішінде:
білім беру саласы бойынша 26 бюджеттік кредит 87038,5 мың теңге сомасында,
денсаулық сақтау саласы бойынша 2 бюджеттік кредит 7215,0 мың теңге сомасында,
мәдениет саласы бойынша 2 бюджеттік кредит 7215,0 мың теңге сомасында,
спорт саласы бойынша 1 бюджеттік кредит 3607,5 мың теңге сомасында,
агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 1 бюджеттік кредит 3578,0 мың теңге сомасында.

2018 жылға 37 маман үшін 6229,0 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы қарастырылған.
Мамандардың өтініштері негізінде комиссия шешімі бойынша 2018 жылдын қаңтар-маусым айларында жалпы 6229,0 мың теңге сомасында 37 көтерме жәрдемақы берілді, оның ішінде:
білім беру саласы бойынша 28 көтерме жәрдемақы 4713,8 мың теңге сомасында,
денсаулық сақтау саласы бойынша 6 көтерме жәрдемақы 1010,1 мың теңге сомасында,
мәдениет саласы бойынша 2 көтерме жәрдемақы 336,7 мың теңге сомасында,
агроөнеркәсіптік кешен саласы бойынша 1 көтерме жәрдемақы 168,4 мың теңге сомасында.